2021 жылы – Балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы » №34 жалпы орта мектебі
Түркістан облысының
адами әлеуетті дамыту басқармасының
Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің
"Ә.Молдағулова атындағы №34 жалпы орта мектебі"
отдела образования Илийского района
Приемная
+7(72) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72) 43-50-93
Версия для
слабовидящих
» » 2021 жылы – Балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы
17
март
2021

2021 жылы – Балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы

Ә.Молдағұлова атындағы № 34 жалпы орта мектебінде  "Даналық және білім күніне" орай   кітапхана оқырмандарын кітап оқуға тарту, кітапхананың, кітап пен кітап оқудың беделін көтеру, оқушылардың  шығармашылығын жетілдіру, кітапхана оқырмандары арасында тартымды, заманауи бейнесін  қалыптастыру мақсатында  іс-шара өтті. Оқушылардың түрлі жанрдағы әдебиеттерге қызығушылықтарының  мол екендігі қуантады. Әлем елдері адамзат дамуындағы кітаптың мән-маңызын әлдеқашан мойындаған. Қазіргі озық технологиялар дәуірінде де тасқа басылған басылымдар өзектілігін жойған жоқ. Керісінше, ой-сананы өсіретін, интеллектуалдық тұлға қалыптастыратын, жаманнан жирендіріп, жақсыға үйрететін кітапқа деген сұраныс барған сайын өсіп барады. 
«2021 жылы – Балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы» аясына орай  ұстаздар мектеп кітапханасына әдеби кітаптар сыйлап кітапхана қорын толықтыруда.  Мақсаты – кітап оқуға шақыру, адамзаттың мәдени және әлеуметтік өрлеуіне үлес қосқан авторларды құрметтеу, есімдерін ұлықтау.




Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив