І жартыжылдық бойынша есеп » №34 жалпы орта мектебі
Түркістан облысы
Жетісай ауданы білім бөлімінің
"А.Молдағулова атындағы
№34 жалпы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
07
январь
2019

І жартыжылдық бойынша есеп

«Ә.Молдағұлова атындағы № 34 жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі  әлеуметтік педагог Шохан Танирбергеновтың  жартыжылдық  бойынша атқарған жұмыстары бойынша есебі
       2018-2019 оқу жылында білім алушыларды мектеп асханасында тамақтандыруды ұйымдастыру туралы мектеп директорының  № 164 – н/қ санды бұйрығы   Қазақстан Республикасының «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 43 бабы, 3-тармағының 11 тармақшасына сәйкестендіріліп шығарылды. Бұйрық негізінде мектеп асханасында білім алушыларды тиімді,сапалы және қауіпсіз тамақтануды қамтамасыз ету мақсатында  тамақтандырудың сапасына мониторинг жасау комиссияның құрамы төмендегідей болып бекітілді:
Ү.Сүлейменова  -    ата-аналар комитетінің төрағасы, комиссия төрағасы
И.Сүлейменов  - ДТІЖО комиссия төрағасының орынбасары.
Ш.Тәңірбергенов  -  әлеуметтік-педагог, комиссия хатшысы
Қ.Оралбаев - кәсіподақ кеңесінің төрағасы, комиссия мүшесі
А.Бұланбаева  - мектеп мейірбикесі, комиссия мүшесі.
       Комиссия өз жұмысында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2015 жылғы 20 қаңтарда № 20 бұйрығымен бекітілген Орта білім ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру қағидаларын басшылыққа ала отырып жұмыс жүргізді. Осы бұйрық негізіне сүйене отырып мектеп асханасына 2018-2019 оқу жылының қыркүйек ,қазан,қараша, желтоқсан    айларына   мониторинг жүргізілді:
        Асхананың материалдық жағдайы жақсы, тоңазытқыш, мұздатқыш және электр пештері бар. Мектеп асханасында санитарлық нормалар және талаптар сақталған (бір реттік қолданатын  сүлгі, су сабын және т.б. бар). Асхана қызметкері штаттық кестеде бекітілмеген, жеке кәсіпкер. Онда бір аспаз жұмыс істейді.   Аспазшы Дуйсеалиева Гүлзипаның арнайы «Аспазшы» деген мамандығы бар. Аспазшының денсаулығы туралы медициналық кітапшасы бар. Уақытында медициналық тексеруден өткен. Жұмыс уақытында санитарлық талапқа сай ақ халат, бас киіммен жұмыс жүргізеді. Комиссия мүшелері асхананың санитарлық жағдайын, тамақтардың ас мәзіріне сәйкес дайындалуын, ыдыс-аяқтардың (қасық, шанышқылар т.б) талапқа сай болуын қадағалап отырады. Асханада мектеп жасындағы балаларға сатуға тиым салынған заттардың сатылмауы қатаң түрде бақылауға алынған.(мысалы: кирешки,газдалған сусын,сағыз сынды заттар)
Мектептегі оқушылардың ыстық тамақпен ұйымдастыру іс-шара жоспары жасалынып, оқушыларды тамақтандыруға жауапты болып әлеуметтік-педагог Ш.Тәңірбергенов бекітілген. Ол сынып жетекшілердің, мұғалімдердің оқушыларды асхана бөлмесінде алып жүруін қамтамасыз етеді. Әлеуметтік білім қорынан бөлінген қаржыға бір мезгіл  жартылай жетім, әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан шыққан 18 оқушысы тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. Оқушылардың тізімі бекітілген. Ыстық тамақпен қамтамасыз етілген оқушылардың тізімі алынып, әлеуметтік жағдайына талдау жасалынып, АКТ түзілді, ыстық тамақпен тамақтану уақыты 10:45 пен 11:05 аралығы болып бекітілді. Талдау жасалынған: жартылай жетім-3,әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан шыққан – 5, көп балалы отбасынан шыққан – 10 . Қыркүйек,қазан айында жалпы оқушы саны 417  болса, ыстық тамақпен қамтылған оқушы 4,3 %.
 Жалпы: 18 оқушы. 
2018-2019 оқу жылының «Міндетті білім қорынан» қыркүйек айына 01.09.18 жыл-29.09.2018 жыл аралығында 25 күнге шақтап берілген. Тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілген сома 118350 теңге 00 тиынды құрады.
 Бір оқушыға бір күнге 263 теңге 00 тиын, айына 6575 теңге 00 тиын, ал қазан айына «Міндетті білім қорынан»  қарастырылған қаржы 24 күнге бөлінген, жалпы сомасы 118040 теңге 40 тиын құрады. Бір оқушыға шаққанда бір күнге  273 теңге 24 тиын, айына 6557 теңге 80 тиын. Қараша айына «Міндетті білім қорынан»  қарастырылған қаржы 20 күнге бөлінген, жалпы сомасы 108882 теңге 00 тиын құрады. Бір оқушыға шаққанда бір күнге  263 теңге 00 тиын, айына 6049 теңге 00 тиын. Желтоқсан айына «Міндетті білім қорынан»  қарастырылған қаржы 20 күнге бөлінген, жалпы сомасы 94680 теңге 00 тиын құрады. Бір оқушыға шаққанда бір күнге  263 теңге 00 тиын, айына 4734 теңге 00 тиын. Ыстық тамақпен қамтамасыз етілген оқушылардың күнделікті тамақ ішуін қадағалау және оқушылардың сапалы және қауіпсіз тамақтандыруды қамтамасыз ету мақсатында құрылған тамақтандырудың сапасына мониторниг жасау комиссиясының кезекшілік кестесі бектіліп кесте асханада ілінген. (кезекшілер кестесін оқимын)
Дүйсенбі: Бұланбаева А -   мектеп медбикесі
Сейсенбі: Сүлейменов И - ДТІЖО
Сәрсенбі: Танирбергенов Ш -  Әлеуметтік  педагог.
Бейсенбі: Оралбаев Қ   -  Кәсіподақ комитетінің төрағасы.
Жұма:  А.Аманбекова - ДТІЖО
Сенбі: Танирбергенов Ш - әлеуметтік  педагог
Асхананың гигиеналық тазалығы жақсы. Күн сайын алдағы күнге ас мәзірі бекітіліп, асханаға ілініп қойылады. Мектеп асханасы білім алушылар үшін ауыз су режимі ұйымдастырылған. Мектеп мейірбикесі А.Бұланбаева күн сайын тамақтың сапасын, қалай дайындалып жатқандығын тексеріп отырады. Арнайы журнал қойылған, ыстық тамақ ішіп болған оқушы қол қойып отырады. Мектеп оқушылары үшін арнайы коридорға суды қайнатып кастрюльге құйылып қойылады. II тоқсан бойынша мониторинг жасау комиссиясының есебі осындай болды.
 I тоқсан : 236390 теңге, 40 тиын.
 II тоқсан : 203562 теңге
Жалпы сумма: 439952 теңге,40 тиын.

Похожие публикации:

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив