2019-2020 оқу жылының І тоқсан мониторингісі » №34 жалпы орта мектебі
Түркістан облысының
адами әлеуетті дамыту басқармасының
Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің
"Ә.Молдағулова атындағы №34 жалпы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
04
ноябрь
2019

2019-2020 оқу жылының І тоқсан мониторингісі

«Ә.Молдағұлова атындағы № 34 жалпы орта мектебі»коммуналдық мемлекеттік мекемесі   мониторинг жасау комиссиясының I - тоқсан бойынша анықтамасы

       2020 оқу жылында білім алушыларды мектеп асханасында тамақтандыруды ұйымдастыру туралы мектеп директорының   № 01- н/қ санды бұйрығы     Қазақстан Республикасының  Білім және ғылым министірлігінің 2018 жылғы 31қазандағы № 598 бұйрығымен бекітілген  Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін  және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етумен байланысты тауарларды сатып алу қағидаларына сәйкес мектепте білім алушылардың  ақылы және тегін тамақтану сапасына мониторинг  жүргізу жөніндегі комиссия төмендегі құрамда бекітілді.

  1. Тәңірбергенов  Мұхтар   Нұржанұлы – мектеп директоры, комиссия төрағасы;
  2.  Матжанов Ағарыс Дүйсенбекұлы – директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, комиссия мүшесі;
  3. Абилханов Еркін Әбдірахманұлы – қамқоршылық кеңес мүшесі, комиссия мүшесі;
  4.  Сүлейменова Үмітай Көгенқызы - ата-аналар комитетінің төрайымы, комиссия мүшесі;
  5. Бұланбаева Айгүл  Әбілқайырқызы - мектеп медбикесі, комиссия мүшесі;
  6. Оралбаев Құламан Орынбасарұлы- бастауыш кәсіподақ ұйымының төреағасы, комиссия мүшесі;
  7. Танирбергенов Шохан Нұржанұлы – әлеуметтік педагог, комиссия хатшысы; 


Мектептегі білім алушылардың тамақтандыруды ұйымдастыруда  тамақтану сапасына  мониторинг жасау комиссиясы:

  1. Тамақтандыруды ұйымдастыруда «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»  Қазақстан   Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі №193- IV  Кодексінің 144- бабының  6- тармағына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министірлігінің 2017 жылғы 16 тамыздағы № 611 бұйрығымен бекітілген Білім беру обьектілеріне қойылатын санитарлық – эпидемиологиялық талаптар» санитарлық қағидаларының  7 – тарауына сәйкес жүзеге асырылуын   қадағалайды.

       Комиссия өз жұмысында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2018 жылғы 31қазандағы № 598 бұйрығымен бекітілген Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру қағидаларын басшылыққа ала отырып жұмыс жүргізді. Осы бұйрық негізіне сүйене отырып мектеп асханасына 2019-2020 оқу жылының қыркүйек, қазан, қараша, айларына  яғни  Ітоқсанға мониторинг жүргізілді:

        . Асхананың материалдық жағдайы жақсы, тоңазытқыш, мұздатқыш және электр пештері бар. Мектеп асханасында санитарлық нормалар және талаптар сақталған (бір реттік қолданатын  сүлгі, су сабын және т.б. бар). Асхана қызметкері штаттық кестеде бекітілмеген, жеке кәсіпкер. Онда бір аспаз жұмыс істейді.   Аспазшы Дуйсеалиева Гүлзипаның арнайы «Аспазшы» деген мамандығы бар. Аспазшының денсаулығы туралы медициналық кітапшасы бар. Уақытында медициналық тексеруден өткен. Жұмыс уақытында санитарлық талапқа сай ақ халат, бас киіммен жұмыс жүргізеді. Комиссия мүшелері асхананың санитарлық жағдайын, тамақтардың ас мәзіріне сәйкес дайындалуын, ыдыс-аяқтардың (қасық, шанышқылар т.б) талапқа сай болуын қадағалап отырады. Асханада мектеп жасындағы балаларға сатуға тиым салынған заттардың сатылмауы қатаң түрде бақылауға алынған.(мысалы: кирешки,газдалған сусын,сағыз сынды заттар)

Мектептегі оқушылардың ыстық тамақпен ұйымдастыру іс-шара жоспары жасалынып, оқушыларды тамақтандыруға жауапты болып әлеуметтік-педагог Ш.Тәңірбергенов бекітілген. Ол сынып жетекшілердің, мұғалімдердің оқушыларды асхана бөлмесінде алып жүруін қамтамасыз етеді. Әлеуметтік білім қорынан бөлінген қаржыға бір мезгіл  жартылай жетім, әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан шыққан 20 оқушы қаңтар айынан бастап тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. Оқушылардың тізімі бекітілген. Ыстық тамақпен қамтамасыз етілген оқушылардың тізімі алынып, әлеуметтік жағдайына талдау жасалынып, АКТ түзілді, ыстық тамақпен тамақтану уақыты 10:45 пен 11:05 аралығы болып бекітілген. Талдау жасалынған: жартылай жетім-3,әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан шыққан – 5, көп балалы отбасынан шыққан –12.  Жалпы: 20 оқушы. 

2019-2020 оқу жылының «Міндетті білім қорынан» қыркүйек айына 02.09.19 жыл-30.09.2019 жыл аралығында 21 күнге шақтап берілген. Тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілген сома 147000теңге 00 тиынды құрады.

 Бір оқушыға бір күнге 335 теңге 00 тиын, айына 7035 теңге 00 тиын , ал қазан айына «Міндетті білім қорынан»  қарастырылған қаржы 19 күнге бөлінген, жалпы сомасы 127300 теңге 00 тиын құрады. Бір оқушыға шаққанда бір күнге  335 теңге 00 тиын, айына 6365 теңге 00 тиын. 

       Ыстық тамақпен қамтамасыз етілген оқушылардың күнделікті тамақ ішуін қадағалау және оқушылардың сапалы және қауіпсіз тамақтандыруды қамтамасыз ету мақсатында құрылған тамақтандыруға кезекшілік кестесі бектіліп кесте асханада ілінген. (кезекшілер кестесін оқимын)

Дүйсенбі: Буланбаева А – медбике

Сейсенбі: Матжанов А   -  ДТІЖО

Сәрсенбі: Тәңірбергенов Ш - Әлеуметтік  педагог.

Бейсенбі: Оралбаев Қ - Кәсіподақ комитетінің төрағасы.

Жұма: Қуатбекова Г- ДТІЖО

   Мектеп мейірбикесі А.Бұланбаева күн сайын тамақтың сапасын, қалай дайындалып жатқандығын тексеріп отырады. Арнайы журнал қойылған, ыстық тамақ ішіп болған оқушы қол қойып отырады. I-тоқсан бойынша мониторинг жасау комиссиясының есебі осындай болды.

Жалпы сумма:274300 теңге 00 тиын

                                                  Дайындаған: Ш.Танирбергенов

Похожие публикации:

03 сентябрь 2018 Мектеп тарихы
10 январь 2019 ҰБТ ережесі
09 апрель 2019 Жетістіктер
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив