ОҚУ МЕН ОҚЫТУДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ МҰҒАЛІМДЕРГЕ НАСИХАТТАУДЫҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫ » №34 жалпы орта мектебі
Түркістан облысының
адами әлеуетті дамыту басқармасының
Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің
"Ә.Молдағулова атындағы №34 жалпы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » ОҚУ МЕН ОҚЫТУДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ МҰҒАЛІМДЕРГЕ НАСИХАТТАУДЫҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
02
февраль
2022

ОҚУ МЕН ОҚЫТУДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ МҰҒАЛІМДЕРГЕ НАСИХАТТАУДЫҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫ

ОҚУ МЕН ОҚЫТУДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ МҰҒАЛІМДЕРГЕ НАСИХАТТАУДЫҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫ

Аңдатпа: Жер бетіне таралған вирус індеттің таралуы бүгінде біздің елімізде де орын алып отыр. Қашықтықтан оқыту қазіргі таңда әлемде болып жатқан індеттің таралуына байланысты бұл оқыту түрінің маңыздылығы арта түсті. Себебі еліміздегі мектептерде Covid-19-дың таралу қаупіне байланысты өз жұмыстарын тоқтатып, оқушыларды қашықтықтан оқытуға кірістік.
          Қашықтан оқытуға көшуге дайындық барысында мектеп мұғалімдері жан-жақты ізденіп түрлі бағдарламалармен жұмыс жасау және оқушымен кері байланыс қалай болады деген сұрақтар төңірегінде жұмыс жасадық. Нәтижелі сабақ жасаудың түрлі технологияларын іздене бастадық. Ал қашықтықтан оқыту босаңсуға жол бермейді, өйткені қазіргі заманғы технологиялар оқу үрдісінің барлық кезеңдерін қашықтық форматқа көшіруге толығымен мүмкіндік береді. Яғни, қашықтықтан оқыту карантин жағдайында оқу үрдісін жалғастыруға мүмкіншілік туғызып отыр. Біз мектеп ұжымымен   қашықтықтан «Ватсап» желісінде, «Zoom», «Google Сlаss rооm» платформаларында жұмыс жасаудамыз. Түрлі тақырыпта өз тәжірибелерімен бөлісуде. Сабақ беру тәжірбиесінде оқушыларды оқу мен оқытуда жан-жақты ізденісте болдық. Оқу мен білім беруде оқушыларды қашықтықтан оқытуда бірнеше қиындықтар туды. Ол қиындықтарды шешудің түрлі әдіс-тәсілдерін іздене бастадым. Ватсап чаттарда оқушыларды ата-аналармен  жинап, сабақ жоспары негізінде түрлі тапсырмаларды, түрлі әдістермен жасап, мұғалімдер болып оқушыларға  жіберіп отырдық. Осы қашықтықтан оқыту барысында, оқушыларды оқу мен оқытуда және білім сапасын арттыруға арналған оқытудың үздік инновациялық тәсілдерін қолдануды үйрендік. Сондай инновациялық тәсілдердің бірі қашықтықтан оқу кезеңдерінде мұғалімдердің видео жасауына төменгі инновациялық тәсілдерін үлкен көмегін берді. Оқу мен оқытуда оқушылармен кері байланыс, тапсырма беру барысында озық тәжірбие ретінде қолдандық. Қашықтықтан оқыту барысында  білім сапасын арттырудың бірден-бір жолы мұғалім мен оқушы арасындағы және ата-ана арасындағы тығыз байланыс. Ол тығыз байланыс инновациялық құралдармен алмасу, үй тапсырмасын ұсыну т.б
         3D Эксплейнер Видеоны жасау үлгісін үйреніп оқушыларға танымдық түрлі видеолар мен тапсырмалар құрап отыру. Жалпы бағалау мен кері байланыс тәсілдерінде акт құралдар бойынша жүйеледік. Bilimland.kz  платформасымен тікелей жұмыс жасап, тапсырмаларды жүктеп алып, өзіміздің әдіс-тәсілдерді қосып оқушыларға ұсынып отырдық. Жалпы қашықтықтан оқыту арқылы, үлкен ізденісте болдық.
Аннотация: Распространение вируса, распространяющегося на Земле, происходит и сегодня в нашей стране. Дистанционное обучение в связи с распространением эпидемии, которая сейчас происходит в мире, значимость этой формы обучения возросла. Потому что в связи с угрозой распространения Covid-19 в школах страны мы прекратили свою работу и приступили к дистанционному обучению учащихся.
       В ходе подготовки к переходу на дистанционное обучение учителя школы всесторонне искали работу с различными программами и задавали вопросы о том, как происходит обратная связь с учеником. Мы начали искать различные технологии для продуктивного урока. А дистанционное обучение не дает расслабиться, так как современные технологии позволяют полностью перевести все этапы учебного процесса в дистанционный формат. То есть дистанционное обучение позволяет продолжить учебный процесс в условиях карантина. Мы работаем с коллективом школы дистанционно в сети "Ватсап», на платформах «Zoom», "Google Сlаssrоом". Делится своим опытом на разные темы. В практике преподавания мы занимались всесторонним поиском в обучении и обучении учащихся. В обучении и образовании возникли некоторые трудности с дистанционным обучением учащихся. Он начал искать различные способы решения проблем. В ватсап чатах мы собирали учеников с родителями, делали различные задания на основе плана урока, разными методами, отправляли их учителям. В ходе этого дистанционного обучения мы научились использовать лучшие инновационные методы обучения для обучения и обучения учащихся и повышения качества образования. Один из таких инновационных подходов оказал большую помощь учителям в создании видео на дистанционных этапах обучения. В обучении и обучении мы использовали обратную связь с учащимися, как передовой опыт в постановке задач. Одним из путей повышения качества образования в дистанционном обучении является тесная связь между учителем и учеником и родителями. Это тесный контакт, обмен инновационными инструментами, предоставление домашнего задания и т. д
      3D Эксплейнер обучать моделям создания видео и создавать познавательные видеоролики и задания для учащихся. В общих подходах к оценке и обратной связи мы систематизировали ИКТ по средствам. Bilimland.kz мы непосредственно работали с платформой, загружали задания, включали свои методы и приемы. В общем, через дистанционное обучение, мы были в большом поиске.
Annotation:  The spread of the virus on the surface of the Earth is also taking place in our country today. Distance learning the importance of this type of learning has increased due to the spread of the epidemic that is currently taking place in the world. Because in schools in the country, due to the threat of the spread of Covid-19, we stopped working and started distance learning for students.
      In preparation for the transition to distance learning, teachers of the school conducted a comprehensive search and work on various programs and questions about how to get feedback from students. We started looking for different technologies for creating a productive lesson. And distance learning does not allow you to relax, because modern technologies allow you to fully translate all stages of the educational process into a remote format. That is, Distance Learning provides an opportunity to continue the educational process under quarantine conditions. We work remotely with the school staff on the "WhatsApp" network, "Zoom", and "Google SLASS Goom" platforms. They share their experience on various topics. "I don't know," I said. In education and training, there were several difficulties in distance learning of students. I started looking for different ways to solve these problems. In WhatsApp chats, we gathered students with parents, developed various tasks based on the lesson plan, using different methods, and sent them to students as teachers. In the course of this distance learning, we learned how to use the best innovative teaching methods for teaching and teaching students and improving the quality of Education. One of these innovative approaches helped teachers create videos at the stages of distance learning. In teaching and learning, we used feedback with students as an excellent practice when giving tasks. The only way to improve the quality of education in distance learning is close communication between teachers and students and between parents. It is a close connection between the exchange of innovative tools, the presentation of homework, etc
      Learn how to create a 3D video Explorer and create a variety of informative videos and tasks for students. We systematized ICT tools in general assessment and feedback approaches. Bilimland.kz we worked directly with the platform, downloaded tasks, and presented our own methods to students. In general, through distance learning, we were in a great search.
       Педагогикалық идеяның өзектілігі: Оқушыларды оқу мен оқытудағы білім сапасын арттыруға арналған оқытудың үздік инновациялық тәсілдерін қашықтықтан оқытуда қолданатын әдістер мен тәсілдерді қолдануда оқушылардың танымдық дамуын және қашықтақтан білім алу барысында - бұл білім беру процесінің қажетті бөлігі болып табылады. Инновацияларды енгізу мұғалімнің өз қызметін өзгеретін жағдайларға бейімдеу және білім беру процестерінде стандартты емес әдістерді қолдану қажеттілігін білдіреді. Қашықтықтан оқытуда ұстаз жұмысы тек ескі және дәлелденген әдістермен шектелмеуі керек, әр түрлі болуы керек.
        Қазіргі мағынада қашықтықтан оқытуда оқушылардың білім сапасын арттыруда және  танымдық дамуын инновациялық түсініктермен сипаттауға болады - бұл "бір нәрсенің жаңа формаларының немесе элементтерінің көрінісі, сондай-ақ жаңадан пайда болған форма, элемент". Инновацияның синонимі - "инновация"ұғымы.
       Мұғалімнің инновациялық қызметі-білім беру процесіне жаңа формаларды, әдістерді, тәсілдерді, құралдарды, технологияларды, бағдарламаларды енгізу, даму сипатындағы инновацияларды дамытуды бастау. Тәжірибеде қолдану және үйрену, жеке тәжірибеңіз бен біліміңізді пайдалану қашықтықтан оқыту барысында қолдану болып табылады. Жалпы жоғарыда аталған ұғымдар бойынша жұмыс жасау педагогикалық идеяның өзектілігі болып табылады.
        Педагогикалық идеяның мақсаты: Оқушылардың білім сапасын арттуда және  қашықтықтан оқытуда оқушыларды нәтижелі білім алуын қамтамасыз ету және  танымдық дамуын -   инновацияларды қолдану арқылы-толық физикалық, рухани психоэмоционалды денсаулыққа, балалардың, ата-аналардың, ұстаздармен мамандардың тұлғааралық, топтық өзара әрекеттесуіне жағдай жасауға мүмкіндік беретін жеке тұлғаға бағытталған білім беру ортасын құру.
      Оқушыларды қашықтықтан оқытуда ұстаз шығармашыл болуы керек. Және оқушыны дұрыс бағалау мен танымдық дамуын артырудың түрлі инновациялық әдістерін ұсына отырып оқытса білім нәтижелі болады.
        Педагогикалық идеяның міндеттері: Кез-келген әдіс-тәсілдерде оқушылардың белсенділігін ынталандыратын, белсендіретін, қалыптастыратын құралдар бар. Ал осы танымдық құралдарды біз оқу мен оқытуда қашықтықтан қалай пайдаланамыз деген сұрақ туындайды. 
        Кейбір технологияларда бұл құралдар нәтижелердің тиімділігінің негізгі идеясы мен негізін құрайды. Мұндай технологияларға инновациялық технологияларын жатқызуға болады. Жалпы педагогикалық идеяның міндеті осындай әдіс-тәсілдер топтамасын жинақтау арқылы, соны қашықтықтан оқытуда тиімді пайдалану.
Педагогикалық идеядан күтілетін нәтиже: 
Қашықтықтан оқыту кезінде сабақта қолданатын әдіс тәсілдерді тиімді пайдалану арқылы нәтижелі білімді көздеу. Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша оқушылармен тиімді кері байланыс жасау және бағалауды тиімді қолдану арқылы ата-ана мен және оқушымен дұрыс байланыста болу.
 
 
Қашықтықтан оқытуда оқушылардың білім сапасын арттыруда 3D Эксплейнер Видео үлгісімен дамыта отырып оқыту жолдары
       Оқушыларды  оқытуда осы уақыт аралығында жаңа әдістермен және тәсілдермен оқушыларды  оқытып алғашқы тәжірибиені аяқтағанша жүргіздім.
         Ал қазір оқушыларды оқу мен оқытуда жұмыс жасап жатырмыз. Осы орайда әріптестеріме озық педагогикалық  тәжірбие ретінде осындай баяндаманы сіздерге ұсынып отырмыз. 
         Оқу мен оқытуда мұғалім сабақтың табысты және нәтижелі өтуінің режиссері болып табылады. 3D Эксплейнер Видеоны пайдалана отырып мен  қашықтықтан түрлі жоспар бойынша қызықты мысалы, жалпы барлық пәндер   бойынша  ықпалдастыра отырып, оқушыларға  қызықты 3   D видео жасап қашықтықтан ватсапқа, не болмаса платформаларға салып қою арқылы оқушыларды танымдық тұрғыдан оқытып нәтижеге жетуге болады.
         Үлгісін әріптестеріме ұсынып отырмын.
1-зерттеу 3D Эксплейнер Видеоны жасау үлгісі
https://www.renderforest.com/ru/template/3d-explainer-video-toolkit 
осы сілтемені нотбукке кіріп, гугл браузерде басасыз
2-зерттеу 3D Эксплейнер Видеоны жасау үлгісі
        Бағдарламаны ашып танысып шығасыз, өзіңіңізге қатысты ұнайтын шаблондарды таңдап мысалы, кез – келген пән бойынша, немесі үлгі ретінде математика пәні бойынша тапсырмаларды білімлендтен жүктеп, соны кесіп осындай анимациялық видеоға салуға және оқытуға болады. Немесе сабақ тақырыбын ашатын қызықты кейіпкерлерді таңдап алып, создать деген батырманы басасыз.
         Осындай өзіңіздің қолыңызбен жасалған видео сабақтарды немесе танымдық анимациялық сабақтар яғни, ойын элементтері бар тапсырмалар, барлыө пәннен  оқушыларға өте қызық. Оларға бұл бір жағынан қашықтықтан оқыту барысында осындай анимациялық мултьсериал сияқты тапсырмалар арқылы, оқушыларға миға шабуыл тәсілін қолдана отырып, оқушының назарын аударту арқылы оқыту болып табылады. Осындай өзіңіздің шебер туындыңыз ретінде оқушыларға арнайы ватсап желісінде тапсырмалар ретінде жіберуге болады.
Қашықтықтан оқытуда оқушыларға ватсап желісі арқылы тапсырмалар жіберудің әдістері
Bilim Media Group — Қазақстандағы электронды оқыту нарығын дамытушы, инновациялық компания. Компания тарихы 2011 жылдан басталады. Компанияның алғашқы жобасы imektep.kz бастауыш мектеп бағдарламасына негізделген онлайн білім беру платформасы болатын. Кейін компания itest.kz ұлттық бірыңғай тестіне дайындалуға арналған онлайн платформасын және bilimland.kz деп аталатын интерактивті сабақтардан тұратын білім беру платформасын іске қосты. 
BilimLand – бұл электрондық оқыту бойынша әлем көшбасшыларының алдыңғы қатарлы жетістіктері негізінде жасалған цифрлық білім беру платформасы. Бұл – заманауи білім беру контентінің ірі сандық кітапханасы, қазақша, орысша, ағылшын тілдерінде барлық пәндерді қамтыған 30 мыңға жуық электрондық сабақ, тренажер, интерактивтік жаттығулар, оқытуға арналған видео, анимациялық фильмдермен қамтылған жиынтық.  Қызықты электрондық сабақтар балаларға мектепке дайындалуға көмектеседі әрі оқушыларға оқуға деген қызығушылықтарын оятады. 
Өзімнің сабақ беру тәжірбиемде және қашықтықтан оқыту барысында осы платформадан көптеген әдіс-тәсілдермен жасалған тапсырмаларды жүктеп жоспар бойынша оқушыларыма ватсап желісінде жіберіп отырдық.
          Білімленд платформасынан тапсырмаларды пдф форматта жүктеп оқушыларға жіберіп отырдық. Міндетті түрде кері байланыс болды оқушылармен тапсырмаларды оқушылар орындап маған кері жіберіп отырды.      Мектеп оқушыларына қарағанда, ата-аналар қашықтан оқытудың сапасына алаңдаулы. Мұғалім WhatsApp желісінде тапсырмаларды және үй жұмысын жіберіп отырады. Балалар ” EDUS ” бағдарламасын ашып, мұғалімдердің жаңа тақырып жайлы жоспарлары мен пікірін және жіберген бейнебаяндарын көре алады. Сонымен қатар оқытушыларымыз бен білім алушыларымыздың арасындағы байланыс әр түрлі мессенджерлер арқылы жүзеге асырылуда. Атап айтатын болсам: Zoom, Microsoft Teams, Google Classrom, Skype, электронды пошталар білім берудің мүмкіндіктерін арттырды. Аталған бағдарламада (демонстрация экрана) деген батырманы бассаңыз, барлық көрнекілік құралдарыңызбен, презентация, сызба, оқу құралдарын, сонымен қатар сұрақ-жауап алмасып, видеобейнеңізді запись арқылы сақтап алуға мүмкіншілігіңіз бар.     Ұжымымыздағы шұғыл және өзекті мәселелерді осы бағдарлама арқылы жүргізуге мүмкіндік туып отыр.  Оқушылар тек тапсырмаларды ғана емес, бейнежазбаларға сілтемені де қоса алады. Ал оқушылар үй тапсырмасын бұрынғы әдетпен дәптерге жазады. Жасаған жұмысын суретке түсіреді де, электронды пошта немесе WhatsApp желісі арқылы жібереді. Бұл тапсырма қағаздарын ата-анасы баласына түсіндіруге көмектесу үшін басып шығаруға да болады.
Қортынды
        Сөз соңында айтарым әр ұстаз өзінше қайталанбас феномен тұлға. Әр сабақтарыңыз нәтижеге бағытталған және үнемі жаңартылған әдістермен жүйеленіп отырса сіз нағыз өз сабақтарыңыздың жұлдызы боласыз. Үнемі ізденіс сізді белестер мен жетістіктерге алып келеді. Әр оқушы бойына нұр мен нағыз зерттеу сабақтарына жетелейсіз. Әрбір жаңа дүниенің тиімді және тиімсіз тұстары болады. Қиын кезең кемел адамдарды қалыптастырады. Қашықтықтан оқытуда оқушылардың кең ауқымда жауап беруіне мүмкіндік аз болып тұр. Берілген тапсырманы сыныптағыдай жан-жақты талқылап, сын пікір айтып, ойын жеткілікті деңгейде ашуда қиындық туындап отыр. Алайда, қашықтықтан оқыту – мектеп үшін де тиімді жүйе, ол барлық мұғалімдерге қолайлы. Қашықтықтан оқыту – оқушыдан қашықтықта болу деген емес, оқушыға бұрынғыдан да қатты жақындау. Оқушыға барынша түсінікті болатындай етіп жағдай жасау. Тек бұл жүйеде жақсы жұмыс істеу үшін ғаламтордың озық қосымшасы болу қажет. Алғашқы сабақтан бастап оқушылардың талпынысы, ынтасы одан сайын шабытымызға шабыт қосты, қанаттандырды. Әр сабағымызға бұрынғыдан бетер жауапкершілікпен дайындалып, үлкен ізденіс үстіндеміз. Түрлі білім порталдары арқылы да дайындығымызды пысықтап, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын одан әрі дамыта алдық деп ойлаймын. Оны оқушылардың жасаған кері байланысынан-ақ байқауға болады. Қашықтықтан оқу арқылы біз сақтық шараларын жасап қана қоймай, сонымен қатар өз шеберлігімізді де арттырып жатырмыз.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
  1. Ә.М.Нұрмағамбетова. Ақпараттық-коммуникативтік технологияны оқу үрдісінде пайдалану.// Педагогикалық альманах,№3-4,2019,-64-бет.
  2. А.Ғабитқызы. Кәсіби құзыреттілік және жаңа ақпараттық технологиялар.// Қазақстан мектебі, №11,2019,-5-бет.
  3. Б.Ибраимова.Ақпараттық технология -нәтижелі білім берудің көзі.// Қазақстан мектебі,№6,2018,-3- бет.
Информатика пәнінің мұғалімі: А.Бекмұхамедов
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив