Жумаханова Жамила апайдың «Кітап тарихы. Ең керемет кітап» ашық сабағы
"Ә.Молдағұлова атындағы №34 жалпы орта мектебінде 14-18 қараша күндері аралығында өткен "Баспалдағы білімнің бастауыштан басталған" атты бастауыш сыныптар апталығында бірнеше сапалы да қызықты ашық сабақтар өткізілді. Соның бірі - Жумаханова Жамила апайдың жетекшілігіндегі 2 «А» сынып оқушыларымен Әдебиеттік оқу пәнінен өткен «Кітап тарихы. Ең керемет кітап» сабағы болды.
Сабақ психологиялық ахуалды қалыптастырумен басталды. «Тілегіміз - Бейбіт күн» өлеңін шырқаған оушыларды топқа бөлінді.
1-топ: Білімділер
2-топ: Алғырлар
3-топ: Тапқырлар
Мұғалім үй тапсырмасын сұрақ-жауап арқылы пысықтады. Жұмбақ жасырып, жаңа сабақтың тақырыбын ашты. Ең керемет кітап туралы мағлұмат берді, кітаптың шығу тарихымен таныстырды. Сөздікпен жұмыс жүргізді. 1-топқа кітап туралы мақал-мәтелдер айту, 2-топқа кітап туралы тақпақтар айту, 3-топқа кітап туралы жұмбақтар жасыруға тапсырмалар берді. Тапсырмаларды балалар топтаса отырып орындады. Өздері оқыған қызықты кітаптары туралы әңгімеледі. Кітаптың шығу тарихы туралы бейнероликті тамашалады. Сергіту сәтінде А.Байтұрсыновтың «Оқуға шақыру» өлеңін оқыды. Сабақты бекіту мақсатында мұғалім тарапынан сұрақтар қойылып, кері байланыс жасалды. Сабақтың соңында мұғалім оқушыларға үй тапсырмасын беріп, бағалады.
Сабақ барысында оқушылар кітаптың пайда болу кезеңдерімен танысып, алғашқы кітаптар неден жасалғанын білді. Ежелгі Мысырдағы Александрия кітапханасы жайлы мағлұмат ала отырып, сабақ мақсаттары орындалды.



