Өсербаева Қарлығаш математика сабағынан "Сандар тізбегі" тақырыбында ашық сабақ өтті.
"Ә.Молдағұлова атындағы N 34 жалпы орта мектебі" комуналдық мемлекеттік мекемесінде 2022-2023 оқу жылының 14.11 - 18.11 аралығында "Баспалдағы білімнің бастауыштан басталған" атты бастауыш сыныптар апталығы өтті.Апталықта 2 "Ә" сыныбының жетекшісі Өсербаева Қарлығаш математика сабағынан "Сандар тізбегі" тақырыбында ашық сабақ өтті.Мақсаты: Берілген зандылық бойынша тізбекті құру, тізбектегі зандылықтың бұзылуын табу. Сабақты жыл мезгілдерінің суреттері көмегімен жүргізілетін жаттығумен бастады. Жыл мезгілдерінің қайталану реттілігін атау тапсырмасыберілді. Оқушыларды үш топқа бөлді.
1 - Бірліктер тобы
2 - Ондықтар тобы
3 - Жүздіктер тобы.
Оқулықтағы 1 және 2-ші тапсырма топтық жұмыс болды "Ойлан, жұптас, бөліс" әдісімен. Әр топ өз жауаптарын топ алдында жариялайды. 3-тапсырма зерттеу, есептеу, ұжымдық жұмыс. Әр тізбектегі зандылықты анықтау мақсатында "Кім жылдам" ойынын ойнатты. Әр тапсырманы орындау барысында "Қол шапалақтау" және оқушыларды ынтыландыру үшін әр тапсырманың соңында смайликтермен бағалап отырды, сабақ соңында "Білім ағашы " арқылы кері байланыс жүргізді.



