28
октябрь
2022
«Оқуға құштар сынып» бұрыштары ұйымдастырылды
Ә.Молдағұлова атындағы №34 жалпы орта мектебінде «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында барлық сыныптарда «Оқуға құштар сынып» бұрыштары ұйымдастырылған. Мұнда оқушылар жас ерекшеліктеріне қарай түрлі әдеби шығармаларды оқып, пікір алмасады, мұғалімі көмегімен «Қандай кітап оқу керек, оқығанды көңілге түю үшін не істеу керек?» деген сияқты мәселелерге жауап алады.
Мектебіміздің ізденімпаз ұстаздарының бірі Жумакалиева Зинаш апайдың жетекшілігіндегі 1 «А» сыныбындағы «Оқуға құштар сынып» бұрышында өтіп жатқан кезекті қызу талқылау мен тәжірибе алмасу сәтінен фотосюжет ұсынамыз.



