26
October
2022
«Оқуға құштар мектеп» жобасы жалғасын табуда
Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің Ә.Молдағұлова атындағы №34 жалпы орта мектебінде «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында атқарылып жатқан жұмыстар өз жалғасын табуда. Мектебіміздің ұлағатты ұстаздарының бірі Жайлыбаева Айгерімнің жеткшілігіндегі 7 «Ә» сынып оқушылары кітапханада 20 минут кітап оқу барысында ақын-жазушылардың әдеби шығармаларын оқып, насихаттауға атсалысты. Сонымен қатар, кітапхана оқырмандары өлеңді мәнерлеп оқу, мақал-мәтелдер жатқа айту тапсырмаларын орындады. Оқушылардың тіл байлығын байыту, өз ойын еркін айтуға бейімдеу мақсатында өткен іс-шара қызықты да мазмұнды өтті.

