Изтурганова Жадыра «7 санын қосу және азайту» тақырыбында ашық сабақ өтті. » №34 жалпы орта мектебі
Түркістан облысының
адами әлеуетті дамыту басқармасының
Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің
"Ә.Молдағулова атындағы №34 жалпы орта мектебі"
Education Department of Ili district
Reception room :
+7(72) 43-50-93
bookkeeping:
+7(72) 43-50-93
Version for
visually impaired
» » Изтурганова Жадыра «7 санын қосу және азайту» тақырыбында ашық сабақ өтті.
15
November
2022

Изтурганова Жадыра «7 санын қосу және азайту» тақырыбында ашық сабақ өтті.

«Ә.Молдағұлова атындағы № 34 жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік  мекемесінде 2022-2023 оқу жылының 14-18.11 аралығында  «Баспалдағы білімнің бастауыштан басталған»  атты бастауыш сыныптар апталығы болып өтті. Апталықта 1 «Ә» сыныбының жетекшісі Изтурганова Жадыра математика сабағынан «7 санын   қосу және азайту» тақырыбында ашық сабақ өтті. Мақсаты 7 санын қосуды және азайтуды үйрету. Сабақты  «Бағдаршам» ойынын ойнаудан бастады. Жасыл түсті қол (амандасады қол алысып) Сары түсті қол (иықтарынан қағады) Қызыл түсті қол (құшақтасады).
Оқушыларды туылған күндері бойынша төрт топқа бөлді. 
1-Көктемде
2-Жазда
3- Күзде
4- Қыста туылғандар топтасты. Жаңа тақырыпты түсіндірді.
Оқулықтағы 1-тапсырманы орындау ұсынылды. Сурет бойынша неше сөзін пайдаланып, сұрақтар құрастыртты. Қосудың ауыстырымдылық қасиетін пайдаланып, 7 санын және 7 санына қосудың кестелік жағдайларын , сонымен қатар, қосуға кері амал ретінде саннан 7 санын азайтудың кестелік жағдайларын қарастырды. 
«Маймылды тамақтандыру» ойынын ойнатты.Ойынға оқушылардың қызығушылығы өте жақсы болды.2 ші тапсырма топтық жұмыс болды«Ойлан, жұптас, бөліс» әдісімен
Кестедегі әр санды 7 –ге арттыруды және кестедегі әр санды 7 –ге  кемітуді тапсырды.Оқушылар тапсырманы орындады. Сандардың құрамын таптыру мақсатында «Кір тасын көтеру»ойынын ойнатты.Ойынға әр топтан бір оқушы шығып,санның құрамын тапты.Әр тапсырманы орындау барысында  «Қол шапалақтау», «Бағдаршам көздері» «Жұлдызша» әдістерімен және сабақ соңында «Тикток» әдістерімен бағалау жүргізіп отырды.


Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив